Желіде Қазақстандағы коррупция жайлы Илон Маск айтты деген дәйексөз тарады, деп хабарлайды zakon.kz.
Өнертапқыш әрі кәсіпкер Қазақстандағы өте күрделі сыбайлас жемқорлық схемалары барын айтады, оларды, түптеп зерттеп келгенде, әбден жаңылысып, еш түсіне алмағандықтан ол оны өнердің ең жоғарғы дәрежесіндегі туындыға "балаған".
Бірақ stopfake.kz-ның хабарлауынша, бұл сөздерді Масктың айтқанының ешбір дәлелі жоқ.
Желіде бизнесменнің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық туралы бұрын-соңды жария сөйлегені туралы ешбір дерек жоқ. Керісінше, Илон Маск біздің елмен ынтымақтастық орнатуға дайын. Мысалы, 2017 жылы Алматыда Tesla автокөліктеріне арналған алғашқы электр станциясы (супречарджер) ашылды. Кейін ол өрт салдарынан зардап шекті. Бірақ 2019 жылы Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында қазақстандықтар үшін Tesla сервистік орталықтарына арналған жаңа станциялар мен жабдықтарды салуға ниетті екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Маск 2019 жылы наурыз айында Tesla Model Y таныстыру кезінде Қазақстан туралы айтқан.
– Шын мәнінде, Қазақстан бізге үлкен қолдау көрсетеді. Біз Қазақстанда суперчарджерлер саламыз. Иә-иә, дұрыс естідіңіздер, – деді ол залдан "Қазақстан" деп айқайлағаннан кейін.
Илон Масктың Twitter-дегі ресми аккаунтында біздің елге қатысты басқа ештеңе жоқ. Интернеттегі басқа да ашық дереккөздерде де Қазақстан туралы жағымсыз пікірлер жазылмаған.