Есікті бұзу үшін. Мониторингтік топ қатарына төтенше қызметкері де алынуы мүмкін

Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері айтты.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мейрамханада заңсыз банкет өткізіп, есікті іштен тарс жауып алатын қазақстандықтар туралы сауалға жауап берді. Ол төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін бақылау тобына қосқысы келетіндіктерін айтты, өйткені оларда есік ашатын құрылғылар бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Журналистер Бекшиннен карантин кезінде мейрамханада заңсыз банкет өткізгендерді ұстап алған жағдайда олар іштен есікті тарс жауып алса, бақылау тобы не істейтінін сұрады.

Шынында да, Сіз көтеріп отырған мәселе өзекті, мониторингтік топқа алдын-алу шарасын қабылдайтын нысанға түсуі өте қиын, біз бұл мәселені қарастырдық. Енді мәселен, біз заң бұзған нысан есігін бұзып кіруге мүмкіндік беретін арнайы құрылғылары бар ТЖД қызметкерлерін бақылау тобына қосатын шығармыз, - деп жауап берді бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін Қазақстанда мониторингтік топты карантиндік режим бұзылған мейрамханаларға кіргізбей қойған жағдайлар кездескен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: