ІІІ-тоқсанда оқушыларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастай ма?

m24.ru
Ешкім ешкімді мәжбүрлемейді - БҒМ.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймғамбетов "мектептерде коронавирусқа қарсы екпе салу қолға алына ма, әлде жоқ па" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ешкімді мәжбүрлемейді және ешкім мәжбүрленбейді де. Мектептердің медициналық мәселесін бірнеше жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігіне өткізіп бергенбіз. Сондықтан бұл мәселе бойынша сол әріптестерімізге сұрақ қойсаңыздар болады. Бірақ бұл ретте біреуді мәжбүрлеп, екпе салу деген әңгіме жоқ, соны баса айтқым келеді - деді Білім және ғылым министрі ОКҚ-да өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, қазақстандық вакцина зерттеудің үшінші клиникалық кезеңінен өтіп жатыр.

Біз бәрін хаттамаға, халықаралық стандартқа және талапқа сәйкес жасап жатырмыз. Өйткені барлық принциптер мен барлық нормаларға сәйкес болуымыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені бұл арада бүтін халықтың қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр, сондықтан біз әр рәсімге қойылатын барлық талаптарды орындаймыз. Біз наурыз айының ортасына дейін отандық вакцинаны шығарып, азаматтарды вакцинациялауды бастау мүмкіндігіне ие боламыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ, мен, бұл арада ғылыми мәселеге тоқталып отырмын, ал одан басқасының барлығы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жатпайды, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті