Қостанай облысы КВИ көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа оралды

inbusiness.kz
Енді "қызыл" аймақта тек бір өңір қалып отыр: Атырау облысы.

Қостанай облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан сытылып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Енді "қызыл" аймақта тек бір өңір қалып отыр: Атырау облысы.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймаққа жайғасқан.

Қалған аймақтардың барлығы "жасыл" аймақта болып саналады.

Айта кетсек, Қазақстанда пандемияға байланысты эпидемиологиялық бағалау матрицасы пайда болды. "Қызыл" аймақта вирустың таралуына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Қолданыстағы карантиндік шаралар "сары" аймақта өз күшін сақтап, оның сақталуына бақылау күшейтілген.

"Жасыл" аймаққа жататың өңірлерде коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақты екенін білдіреді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды