Қаратал ауданының полицейлері аз қамтылған төрт отбасына көмек көрсетті

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
29 желтоқсанда тәртіп сақшылары карантиндік іс-шаралар тәртібіне сәйкес барлық сақтық шараларын қадағалай отырып, аталған отбасыларды аралады.

Қаратал ауданы полициясының басшылығы мен қызмет жетекшілері жиналыс барысында Жаңа жылдық мереке қарсаңында әлеуметтік қолдауға мұқтаж аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары көмек көрсеткен екі отбасының мекенжайын аудандық әкімдіктегі арнайы есепте тұрғандардың тізімінен алды, ал екі отбасы алдын алу жұмыстары барысында төлқұжат тәртібін тексеру кезінде анықтады. Таңдап алынған отбасылардағы балалардың әкелері жоқ толық емес жанұялар. Олардың әрқайсысында жалғызбасты ананың тәрбиесінде 2 – 5 бүлдіршін бар.

29 желтоқсанда тәртіп сақшылары карантиндік іс-шаралар тәртібіне сәйкес барлық сақтық шараларын қадағалай отырып, аталған отбасыларды аралады. Отбасыға азық-түлік себеттерімен қатар, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Полицейлердің мерекеалды сыйлықтарына дән риза болған балалар мен аналар құқық қорғаушыларға көмек көрсетіп, көңіл бөлгендері үшін алғыс айтты және қиын да жауапты жұмыстарына табыс тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды