Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы қызметінен өз еркімен кетті

ehonews.kz
Ол бұл лауазымды қызметке 2019 жылдың 8 сәуірінде тағайындалған болатын.

Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы Facebook -тегі парақшасында жазды.

"Достар! Бүгін мен Азаматтарға арналған үкімет төрайымы қызметінен өз еркіммен кеттім. Ақ пейіл көңілі мен жемісті жұмысы үшін ұжымыма зор алғыс білдіремін. Менің де алдымда үлкен мақсаттар бар, соларды орындауға тырысып, әлі де жақсы хабарлармен бөлісетін боламын. Отбасыларыңыз аман болсын, әрқайсысыларыңызға бақ-береке, табыс тілеймін, ауру-сырқаудан аман болыңыздар!", делінген жазбада.

Ол бұл лауазымды қызметке 2019 жылдың 8 сәуірінде тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты