2021 жылғы 7 қаңтарда құрамында Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық мәслихаттарына кандидаттары бар "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобы "Азия Тарангул" ЖШС-да болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Еңбек ұжымымен кездесу "Ауылдан ауылға" акциясы аясында "Ауыл" партиясының өңірлік филиалының басшысы Темірғали Әбілмәжіновтің қатысуымен өтті.
"Азия Тарангул" - мал шаруашылығымен және дәнді дақылдарды өсірумен айналысатын өңірдегі жетекші шаруашылық. Кәсіпорын жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға атсалысуда.
Шаруашылық басшысының айтуынша, "Ауыл" партиясының азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңды қабылдау жөніндегі бастамасы өте уақытылы, өйткені соңғы жылдары АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау жүйесінде "тұрақтылық" ұғымы жоғалып кетті. Жаңа басшылардың келуімен субсидиялау ережелері мен оларды алу шарттары өзгереді. Мұның бәрі ұзақ мерзімді кезеңге өндірістік қызметті стратегиялық жоспарлауға теріс әсер етеді.
Өңірлік филиал төрағасы Т.Әбілмәжіновтің пікірінше, бұл мәселе барлық деңгейде орын алуда. Арнайы заңда партия барлық тікелей және жанама шараларды қарастыруды жоспарлап отыр, осылайша мемлекеттік уәкілетті органдар ереже мен шарттарды емес, субсидиялау нормативтерін ғана түзететін болады. Бұдан басқа, азық-түлік қауіпсіздігі туралы Заңның қабылдануы саланы мемлекеттік реттеу шараларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Кездесуде сондай-ақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың төмен деңгейі және ЖЖМ қолжетімділігі мәселелері айтылды.
Сондай-ақ, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер және облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Павлодар, ШҚО, СҚО, Түркістан облыстарында шаруа қожалық ұжымдарымен және іскер әйелдермен, көпбалалы аналармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Набережное ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Арсютин Н.Г., Павлодар облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аманжолов Б.А., Тоқтушаков Е.Ч., "Ауыл" ХДПП қоғамдық бірлестігінің сенімді өкілдері Байгурманов Е.Н., Батыршаев А.О., Жексенби М.А. "Андас" шаруа қожалығының ұжымымен кездесу өткізді.
Түркістан қаласында ҚР Парламент мәжілісіне үміткерлер Қ.Ә.Аралбекова, Р.Ә.Тоқсейтова, Б.Төлеген Түркістан қалалық мәслихатына үміткер Қ.К.Бәймен, Қазығұрт аудандық мәслихатына үміткер С.Стыбаева іскер әйелдермен және көпбалалы аналармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды және көпбалалы аналардың мәселелерін тыңдады.
ШҚО, Глубокое ауданы, Прапорщиково кентінде "Ауыл" ХДПП-сы атынан облыстық және аудандық мәслихаттарға кандидаттар М.Т.Фараджев "Мурзыканова" ШҚ-ның ұжымымен кездесті.