Global Economic Prospects-тің 5.01.2021 жылғы жаңартылған есебінде Дүниежүзілік банк 2020 жылы әлемдік экономика серпінін бағалауды арттыру жағына қайта қарады. Жаңартылған бағалауларға сәйкес, 2020 жылы әлемдік экономиканың көлемі 4,3%-ға қысқарды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Банктің 2020 жылғы маусымдағы есебінде 2020 жылы әлемдік экономиканың -5,2% деңгейінде қысқаруы болжанған болатын. 2020 жылы әлемдік экономиканың динамикасын бағалауды жақсартудың негізгі факторы жекелеген дамыған және дамушы елдерде төменгі құлдырау және ҚХР-да белсенді қалпына келу болды.
Дүниежүзілік банк 2020 жылы өсу бағасын көтерген елдердің бірі Қазақстан болды. Дүниежүзілік банктің жаңартылған есебіне сәйкес, 2020 жылдың нәтижелері бойынша ұлттық экономиканың өсуі -2,5% құрады, 2020 жылғы маусымдағы есепте -3% болжанған еді.
Үкіметтің экономиканың нақты секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын қолдау жөніндегі тиімді шаралары ұлттық экономиканың өсуін бағалауды жақсартудың негізгі факторына айналды. Дүниежүзілік банк бизнеске қажетті көмекті өрістету, оның ішінде субсидияланған қаржыландыру және салық жеңілдіктері тетіктері арқылы халықтың зардап шеккен топтарына тікелей трансферттер беру, сондай-ақ медициналық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру бойынша Үкімет шараларының тиімділігін атап өтеді.
Салыстыру үшін, экономика өсімін бағалау 2020 жылы Венгрия (-5%-дан -5,9%-ға дейін), Аргентина (-7,3%-дан -10,6%-ға дейін), Мексика (-7,5%-дан -9%-ға дейін), Украина (-3,5%-дан -5,5%-ға дейін), Қырғызстан (-4%-дан -8%-ға дейін), Грузия (-4,8%-дан -6%-ға дейін), Әзербайжан (-2,6%-дан -5%-ға дейін), Армения (-2,8%-дан -8%-ға), Индонезия (0%-дан -2,2%-ға дейін), Таиланд (-5%-дан -6,5%-ға дейін) тәрізді елдер бойынша төмендетілді.
Бұдан басқа, Global Economic Prospects жаңартылған есебінде Дүниежүзілік банк 2020 жылғы маусымдағы есепте 4,2% бағалаумен салыстырғанда 2021 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 4%-ға дейін төмендету жағына қайта қарастырды.
2021 жылы 4% деңгейінде өсу күтілуде, бұл COVID-19 вакциналарының қолданыла бастауы алдағы барлық кезең бойы кең көлемде жалғасқан жағдайда болуы мүмкін.