Мәжіліске ҚХА атынан ұсынылған 9 депутат сайланды

Дауыс беру еордада Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы XXVIII сессияда ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутатты сайлады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Дауыс беру еордада Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Дауыс беруге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ассамблеяның өзге де мүшелері қатысты.

11 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына тоғыз кандидат ұсынды. Дауыс беру қорытындылары бойынша мыналар сайланды:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов

2. Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян

3. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов

4. Көкшетау қаласы білім бөлімінің "Техникалық лицей" КММ директоры Наталья Дементьева

5. "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли

6. "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев

7. "Шығыс" шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин

8. "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов

9. "Әзербайжан қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.

10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен Мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Nur Otan партиясы парламенттік сайлауда халықтың 71,97% дауысымен жеңіске жетті. Екінші орынды "Ақ жол" Демократиялық партиясы иеленді - 10,18% дауыс. Үшінші орында - Қазақстан халық партиясы - 9,03% дауыс.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде - 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: