Каникулда шетелде қыдырған оқушылар екі апталық карантинге жатқызылатыны рас па?

Алайда министрлік өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды

Оқу жылы басталғалы 4516 бала COVID-19-ға шалдыққан. Басым бөлігі - қашықтан оқитын оқушылар. Ең көп дерек, Шығыс Қазақстан облысында тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сенсек, мұнда 1000 бала індет жұқтырыпты. Мұны Білім министрлігі растады. Бірақ олар жұқпа жұқтырған мұғалімдерге қатысты ештеме айта алмады.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл сұрақ Білім және ғылым министрлігінің құзіретіне кірмейді. Сондықтан бұл статистика Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретінде.

"Мектеп оқушылары каникулдан кейін екі апталық карантинге жатқызылды". Кейбір ата-аналар ғаламторда осы мәселені жарыса жазып жатыр. Алайда министрлік өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды" деп хабарлайды astanatv.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: