Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болып сайланып кетті

Ж.Құспанов
Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

VII шақырылымдағы Мәжіліс Төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулин сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы Мәжілістің Қаулысы қабылданғаннан кейін Нұрлан Нығматулин:

- Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке, Мәжіліс Төрағасы ретінде сайлағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Ең біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан, әрқашанда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімдерін ақтау үшін мен барлық жинаған білімімді, жинаған тәжірибемді жұмсайтын боламын, - деді Нұрлан Нығматулин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды