Алматы әкімдігі жұмыста отырған Нұрашевтың видеосын ұсынды

видеодан алынды
Бұған дейін әлеуметтік желілерде инфекциялық модульдік аурухананың құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бойынша ЖШС мен "Жайлы қалалық орта басқармасы" басшыларына қатысты Алматыда қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Алматы қаласы әкімдігі Жайлы қалалық орта басқармасының бастығы Сапар Нұрашевтың жұмыс орнында екендігін нақтылайтын фото және видеоны ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көріп отырғаныңыздай, мен жұмыс орнындамын. Бүгін таңертең әкімнің қатысуымен аппарат мәжілісі өтті. Бірқатар нұсқаулар берілді, біз берілген жұмыс кестесіне сай жұмыс істеп жатырмыз. Мені ешқайда шақырған жоқ, маған ешкім хабарласпады. Жұмыс үстіндемін.
Сапар Нұрашев

Бұған дейін әлеуметтік желілерде инфекциялық модульдік аурухананың құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бойынша ЖШС мен "Жайлы қалалық орта басқармасы" басшыларына қатысты Алматыда қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды. 2020 жылы сәуірде 280 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына бюджеттен бөлінген 5,5 млрд теңгенің 3,9 млрд теңге көлеміндегі қаражаттың ұрланғандығы хабарланды. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ұрлық фактісін растады, бірақ оған қатысты кім де кімнің ұсталған-ұсталмағанын айтпады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты