Түркия Президенті COVID-19-ға қарсы қытайлық екпені салдыртты

әлеуметтік желіден алынды
Онымен бірге билеуші ​​Әділет және даму партиясының мүшелері COVID-19-қа қарсы вакцина алды.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған күні кеше Анкарада қытайлық Sinovac Biotech компаниясының CoronaVac вакцинасын салдыртты.

Ол әлеуметтік желіде айтқанындай, онымен бірге билеуші ​​Әділет және даму партиясының мүшелері COVID-19-қа қарсы вакцина алды. Ол партия жетекшілері мен депутаттарды халыққа вакцинация туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, көпті екпе салдыруға шақыруға үндеді.

Түркиядағы 250 мыңнан астам медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты, - деді Президент. Вакцинация процесі сәтті өтті. Ол вакцинаның тиімділігіне қанағаттанушылық білдірді.

Түркия денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте Түркияда COVID-19 инфекциясының 8962 жаңа жағдайы, 170 - кісі өлімі тіркелді. Ал пандемия басталғалы бері Түркияда КВИ жұқтырушылардың жалпы саны 2 364 801 құрайды, кісі өлімі - 23 495, ковидтен емделіп жазылғандардың жалпы саны - 2 236 938.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты