Садыр Жапаров Қырғызстандағы президент сайлауының жеңімпазы деп танылды

kabar.kg
Жапаров 1 млн 105 мың 248 (79,20%) сайлаушының дауысын алып жеңіске жеткен.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарда "Қырғыз республикасының мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының қорытындысы жөнінде" қаулыны бекітті. Былайша айтқанда дауыс берудің ресми қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ресми нәтиже бойынша, Қырғызстанның президенті болып Садыр Жапаров сайланды. Жапаров 1 млн 105 мың 248 (79,20%) сайлаушының дауысын алып жеңіске жеткен.

Екінші орында Адахан Мадумаров 94 741 (6,79%) сайлаушының дауысын алған. Одан кейін Бабыржан Төлбаев 32 979 (2,36%), Арстанбек Мыктыбек 23 583 (1,69%), Абдил Сегизбаев 20 335 (1,46%), Имамидин Ташов 16 383 (1,17%), Клара Сооронкулова 14 005 (1%), Аймен Касенов 12 684 (0,91%), Улукбек Кочкоров 9 397 (0,67%), Канатбек Исаев 8 038 (0,58%), Бактыбек Калмаматов 6 893 (0,49%), Элдар Абакиров 6 996 (0,50%), Курсан Асанов 6 885 (0,49%), Равшан Жээнбеков 2 652 (0,19%), Каныбек Иманалиев 2 490 (0,18 %), Женишбек Байгуттиев 1 327 (0,10%), Арстанбек Абдылдаев 1 157 (0,08%) дауыс алған. Бәріне қарсы 18 673 (1,34%) адам дауыс берген.

Жалпы дауыс беру үшін 3 млн 563 мың 574 азамат тіркеліп, 10 қаңтарда 1 млн 395 мың 513 адам сайлауға қатысқан. Бұл сайлаушылардың 39,16% құрайды.

Президент болып сайланған Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда өтетінін президенттің баспасөз хатшысы Галина Байтерек мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз