Цой Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ДДСҰ мәліметтерін жария етті

24tv.ua
Індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында.

Алексей Цой Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі кезінде коронавирусқа байланысты мәліметтерді алға тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың мәліметі бойынша, Президентке пандемияның жер шарындағы негізгі таралу тенденциялары және вирусқа қарсы күрестегі еліміздің рейтингісі туралы да баяндалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында, өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-орында, өлім-жітім бойынша 94-орында, COVID-19 індетінен жазылып шыққандардың саны бойынша 48-орында, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында, - деді Алексей Цой.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз