Жыл басынан бері браконьерлік фактісі бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Оның ішінде 18-і киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 5-і сирек кездесетін жануарлар түрінің заңсыз аулануына байланысты істер.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2021 жылдың басынан Қызыл кітапқа енген және жоғалып кету қауіпі бар жабайы жануарларға қатысты браконьерлік фактілер бойынша 23 қылмыстық іс анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде 18-і киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 5-і сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануына байланысты істер.

Комитеттің бағынысты ведомствосы - "Охотзоопром ӨБ" инспекторлары мұндай браконьерлік фактілердің алдын алу үшін үздіксіз тексерістер жүргізетінін атап айтқанымыз жөн.

Ескере кету керек, мұндай қылмыстар ҚР ҚК-нің 337 "Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, аулау құралдарының басқа да түрлерін қолдану" бабына сәйкес 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен жазаланады.

Браконьерліктің жоспарланған немесе жасалған фактісі туралы ақпарат болған жағдайда Комитеттің 8-777-678-52-52 жедел желі телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы