"Nur Otan" партиясына мүше министрлер азаматтарды қабылдауды бастайды

Nur Otan
Өткен жылы "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

"Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, карантиндік шараларға байланысты олар онлайн пішінде ұйымдастырылатын болады.

Атап айтқанда, 3 ақпанда – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 5 ақпанда – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 19 ақпанда – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, 24 ақпанда – Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, 25 ақпанда – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және 26 ақпанда – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек:

1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. Whatsapp: 8700 800 4441;

3. komek@nurotan.kz

Айта кету керек, өткен жылы "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты