Жаңадан құрылған агенттіктің басшысы тағайындалды

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылғы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған.

Тоқаев жаңадан құрылған Қаржы мониторингі агенттігінің басшысын тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", делінген Ақорда сайтында.

28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды. Оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылғы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған.

Білімі жоғары:

1999 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2000 ж. – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушысы;

2000 ж. – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры;

2000-2001 жж. – Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі;

2001 ж. – Қарағанды облысы прокуратурасы шаруашылық істері бойынша соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау тобының прокуроры;

2001-2002 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы азаматтық істері бойынша соттық қаулыларды орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры;

2002-2003 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының прокуроры;

2003-2004 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының аға прокуроры;

2004 ж. – Астана қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы;

2004-2007 жж. – Астана қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысының орынбасары;

2007-2009 жж. – Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі;

2009 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі;

2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi төрағасының орынбасары;

2012 ж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Ақпараттық-сараптамалық департаментінің бастығы;

20012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бойынша департаментінің бастығы;

2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жедел-іздеу қызметі департаментінің директоры;

2017 ж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық қорғау департаменті бастығының орынбасары - Құқықтық қорғау департаменті экономика саласында заңдылықты қадағалау бойынша басқармасының бастығы,

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарамағында;

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау департаменті бастығының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау департаменті (үшінші қызмет) экономика саласында заңдылықты қадағалау бойынша басқармасының бастығы;

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастығының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау қызметі экономика саласында заңдылықты қадағалау бойынша басқармасының бастығы;

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастығының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау қызметі экономика саласында заңдылықты қадағалау бойынша басқармасының бастығы;

2019 ж. – Қарағанды облысы прокурорының орынбасары;

2019 жылғы 22 сәуірден 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: