БЖЗҚ халықтан белгісіз сілтемелерді ашпауды сұрады

24.kz
27 қаңтар күнгі мәлімет бойынша "Отбасы банкі" Акционерлік Қоғамы уәкілетті операторынан жалпы сомасы 156,2 млрд теңгеге 9 566 өтінім келіп түсті. Соның 2 мың 578-і заңнама талаптарына сай келмегендіктен, кері қайтарылды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпарат ресурсына интернет алаяқтары шабуыл жасады. Фишингтіктің әрекет салдарынан салымшылардың құпия деректері ұрланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қор өкілдерінің айтуынша, біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты еш хабарлама жіберілмейді. Ақпаратты тек www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті оператор банктердің интернет-ресурстарында тексеру керек. Сондықтан қор өкілдері ел азаматтарынан белгісіз сілтемелерге өтпеуді сұрайды.

БЖЗҚ сонымен қатар салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды.

Ал алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

27 қаңтар күнгі мәлімет бойынша "Отбасы банкі" Акционерлік Қоғамы уәкілетті операторынан жалпы сомасы 156,2 млрд теңгеге 9 566 өтінім келіп түсті. Соның 2 мың 578-і заңнама талаптарына сай келмегендіктен, кері қайтарылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді