Майгүл Омарова 37 млн теңге парамен ұсталды

Алматы облысының ӨКҚ
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

2021 жылдың 2 ақпанында Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Арапби Менлыбаев ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар, бұл істе Алматы облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Бақыт Абдолданованың есімі аталады.

Аталған үшеу пандемия кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан оқытуға қажетті 2522 ноутбукты мемлекеттік сатып алудан пайда көрген. Жалпы сомасы 406 млн теңгеге бірнеше жеке кәсіпкермен келісім жасаған.

Омарова, Меңлібаев және Абдолданова жеке-жеке тергеу абақтысына қамалып, олардан 37 650 000 теңге тәркіленді. Бұл қаражатты басқарма басшылары тендер ұтқан компаниялардан пара ретінде алған.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты