Талғар ауданы әкімінің ұсталғаны расталды

Талғар ауданының әкімдігі
Серікжан Ерекешев өткен жылдың тамыз айында Талғар ауданына әкім болып тағайындалған.

Бұған дейін кей баспасөз бен әлеуметтік желілерде Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде өкілетті орган бұл ақпаратты не растамады, не теріске шығармаған, бірақ шенеунік жұмысқа шықпай қалды. Бүгін zakon.kz жолдаған сауалға берген жауабында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі әкімнің ұсталғанын растады.

Әлеуметтік желілерде Талғар ауданының әкімі өзінің орынбасары мен коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығымен бірге атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін мердігер ұйымнан 10 млн теңге пара алу күдігіне ілікті делінген.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу соты Талғар ауданының әкіміне қатысты "қамауда ұстау" шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпарат ҚК 201 бабының талаптарына сәйкес, жариялауға жатпайды, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қысқа жауабында.

Серікжан Ерекешев өткен жылдың тамыз айында Талғар ауданына әкім болып тағайындалған. Оның алдындағы әкім қайтыс болған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді