Нығматулин: жаңа заң жобасы ауылдық округтердің бюджетін арттырады

Ж.Құспанов
Мәслихаттар депутаттарына қосымша құқықтар мен міндеттер беру және мәслихаттар хатшыларының құқықтық мәртебесін арттыру ұсынылады.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа заң жобасына сәйкес, енді ауылдық округтердің бюджеттері салықтардың жаңа төрт түрінен түсетін түсімдер есебінен ұлғайтылатын болады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл жергілікті бюджеттердің дербестігін дамытудың жаңа кезеңі, ол ауылдың әлеуметтік мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бюджет қаражатын тиімді әкімшілендірудің маңыздылығын және әкімдерді дайындау деңгейінің қажеттігін атап өтті.

Айта кету керек, 2018 жылы қабылданған Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес, бөлінген қаражат бірінші кезекте қайда жұмсалатындығы ауыл тұрғындарының жиналысында анықталатын. Ал, жаңа заң жобасы бойынша әкім аппаратына өз бюджеттерін 20%-дан аспайтын мөлшерде түзетуге мүмкіндік беріледі, бюджетті рәсімдері бекіту оңайлатылады, сондай-ақ, меншікті түсімдер көлемінің 10%-нан аспайтын мөлшерде ауылдық бюджет резервін құру көзделеді.

Сондай-ақ, заң жобасында мәслихаттар депутаттарына қосымша құқықтар мен міндеттер беру және мәслихаттар хатшыларының құқықтық мәртебесін арттыру ұсынылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз