Қазақстанда тағы бір атаулы дата пайда болады

Lada.kz
Қазіргі уақытта ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері сияқты мемлекеттік органдарда Арнайы мақсаттағы бөлімшелер бар. Бұл бөлімшелердің өзіндік шартты атаулары, белгілері және нақты арнайы тапсырмалары бар.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат қоғамдық талқылауға ұсыну үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Атап айтқанда, мереке күндерін келесі тармақпен толықтыру ұсынылады:

"11-1. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым".

Ішкі істер министрлігінің түсініктемесі бойынша, қазіргі уақытта ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері сияқты мемлекеттік органдарда Арнайы мақсаттағы бөлімшелер бар.
Бұл бөлімшелердің өзіндік шартты атаулары, белгілері және нақты арнайы тапсырмалары бар.

Бұл мәселенің оң шешім табуы жылдар бойына қалыптасқан сабақтастық дәстүрлерін ресми түрде шоғырландырады, қызметтің алдыңғы қатарлы қызметкерлері мен Арнайы мақсаттағы полкі ардагерлерін кәсіби мерекені атап өту шараларына құрметтеп шақырып, бұл игі-шара жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік құндылықтарды, әскери дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа беруге өзіндік үлес қосады, - дейді министрліктегілер.

Атап айтқанда, 9 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Арнайы мақсаттағы полкінің Үйлестіру кеңесін құру туралы шешімге қол қойды (2016 жылғы 9 маусым).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды