КВИ-ға қарсы вакцинаны кез келген адам қай кезде ала алады?

Қиясов отандық QazCOVID-in вакцинасының өндірісі бір жолға қойылғанда барлық тұрғын топтарына, соның ішінде Қазақстанда тұратын шетелдіктерді де вакцинациялау мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация науқаны 2021 жылы 1 ақпанда басталды. Бірінші кезекте қауіп-қатер тобына жататындарға вакцина салынады. Бірақ қазірдің өзінде тәуекелге бас тіккісі келмейтін, бірақ аталған топқа жатпайтын қазақстандықтар қашан вакцина ала алады. Бұл сұраққа мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинаны алу өндірістік қуаттылықты ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы жылдың сәуір айында вакцинаның шамамен 750 мың дозасына қол жеткізіледі. Бұл көлем, ең алдымен, халықтың осал топтарына (вакцинацияға жататын), содан кейін өз еркімен коронавирустан қорғағысы келетіндерге ұсынылатын болады, - деді Ерлан Қиясов.

Сонымен бірге, егер ол отандық QazCOVID-in вакцинасының өндірісі бір жолға қойылып, үлкен көлемде вакцина өндірілсе, онда барлық тұрғын топтарына, соның ішінде Қазақстанда тұратын шетелдіктерді де вакцинациялау мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: