Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып тағайындалды

olympic.kz
Бұл мен үшін де, басқалар үшін де күтпеген жағдай болды.

Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ға сілтеме жасап.

Федерацияның кезекті есеп беру конференциясында жаңа басшы таңдалды.

"Бұл мен үшін де, басқалар үшін де күтпеген жағдай болды. Бұл тағайындау - менің жұмысымдағы жаңа кезең. Осы орайда, маған сенім артқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызына, сондай-ақ, он жыл көлемінде жұмыс атқарған Үміт Болатханқызына алғыс айтамын. Команданың бас бапкері міндетін де одан әрі жалғастыра беремін, өйткені, жаңа жұмысым қоғамдық қызметке жақын. Екеуін де қатар алып жүремін. Біздің мақсатымыз айқын – еліміздегі спортты дамытып, жақсы нәтиже көрсету. Әрине, алғашында оңай болматынын түсініп тұрмын. Дегенмен, менің тәжірибем, білімім мен күш-қуатым, сонымен қатар, Федерация мүшелерімен тығым байланысым көптеген сұрақтың шешімін табады деген ойдамын. Біз бірлесе отырып, Федерациямыздың құрамын енетін әрбір спортты дамытамыз",– деді Юсупова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды