Санитарлық дәрігер "Алматы марафонын" өткізуге рұқсат бермеді

24tv.ua
Қалада ауқымды спорттық іс-шара - "Алматы марафонын" қазіргі кезде тұрақсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізу мүмкін емес.

"Алматы марафонын" ұйымдастырушылар бұл іс-шараны бұрын келісілген күннен (11 сәуір 2021 ж.) 2021 жылғы 12 қыркүйекке ауыстырды. Өйткені олардың қолына Алматы қалалық Спорт басқармасы, сондай-ақ Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен Жандарбек Бекшин қол қойған ресми жауап қағаз келіп жеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалада ауқымды спорттық іс-шара - "Алматы марафонын" қазіргі кезде тұрақсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізу мүмкін емес.

Біз "Алматы марафонын" өткізу жайын бірнеше рет талқыладық. Біз спорттық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінеміз, бірақ, өкінішке қарай, еліміздегі жағдай әлі де тұрақсыз және нақты жауап беріп, бұқаралық шараға рұқсат беру туралы шешімді қабылдау мәселесі оңай болмады. Бірақ, соған қарамастан, ұйымдастырушыларды қолдауға дайынбыз. Біз санитарлық дәрігерден ақпан айының соңынада кішігірім Қысқы жарыс өткізуге рұқсат алдық. Сол жарысты өткізу қорытындысы бойынша біз жауапты адамдармен карантин кезеңіндегі келесі ауқымды іс-шараны өткізудің мән-жайын егжей-тегжейлі талқылаймыз, - деді Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз