Айыппұл туралы ескі-фейк ақпарат желіде қайта төбе көрсетті

Оның авторы, ҚМО жетекшісі Мұрат Телібеков бұл жаңалықтың жай әзіл болғанын мәлімдеді.

Telegram әлеуметтік желісінде елімізде ұзақ өмір сүргені үшін салынатын айыппұл туралы бұрынғы фейк-ақпарат қайта тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол алғаш рет 2017 жылы шыққан, кейіннен оның авторы осылайша әзілдемек болғанын айтқан.


Қазақстан мұсылмандары одағы (ҚМО) ұзақ өмір сүргендерге "уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты, сондай-ақ зейнетақы қорындағы қаржы ресурстарының шектеулі болуына орай айыппұл салуды" ұсынғаны туралы жаңалық 2017 жылғы ақпанда желіні дүрліктірді, делінген stopfake.kz хабарламасында.

Оның авторы, ҚМО жетекшісі Мұрат Телібеков бұл жаңалықтың жай әзіл болғанын мәлімдеді.

"Әлемде әзілді күлкі фонограммасымен сүйемелдеу кең таралған, яғни адамдарға қай жерде күлу керек екені көрсетіледі. Бұл ойлау барысындағы өзіндік көмек түрі. Кейде өзгенің көмегінсіз ненің күлкілі, ненің маңызды екенін түсіну қиын", – деп түсіндірді ол өз сұхбатында.

Мұрат Телібеков қисық-қыңыр мінезімен танымал. Мысалы, 2015 жылы ол жыныстық қарым-қатынас салығын бекітуді ұсынған. 2016 жылы – Қазақстанның ұлттық валютасы теңгені "қуырдақ және бауырсақ" болып ауыстырылсын деп мәлімдеген. 2017 жылы жыныстық қатынас кезінде қозғалыс жылдамдығын шектеу және сақалдың ұзындығына, тығыздығына және түсіне байланысты салық салу туралы айтқан.
Бірақ бұл бастамалардың ешқайсысы ешқашан Үкіметте қарастырылмаған және заң жобасы болған емес.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: