2021 жылдың қаңтарында бюджет 490,4 млрд теңге салықтық түсімдермен толықты

2021 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер жоспары 104,9%-ға, оның ішінде республикалық бюджет 88,0%-ға және жергілікті бюджет 137,0%-ға орындалды.

2021 жылдың қаңтарында мемлекеттік бюджет 490,4 млрд. теңге салықтық түсімдермен толықты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер жоспары 104,9%-ға, оның ішінде республикалық бюджет 88,0%-ға және жергілікті бюджет 137,0%-ға орындалды.

"Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер 490,4 млрд. теңгені құрады, 2020 жылға қарағанда 5,8%-ға (немесе 30,5 млрд.теңгеге) төмен. Оның ішінде республикалық бюджет 14,6%-ға (немесе 46,1 млрд.теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет 7,6%-ға (немесе 15,6 млрд. теңгеге) өсті", делінген хабарламада.

Кірістердің төмендеуіне мынадай факторлар әсер етті:

- 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұнай бағасының 13,6%-ға төмендеуі;

- үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылдың қаңтарында 22,2%-ға төмендеді (экспорт 31,0% - ға төмендеді, импорт 1,2% - ға өсті);

- 2021 жылғы қаңтарда сату бойынша айналым 2020 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға (6 415 млрд.теңгеден 5 529 млрд.теңгеден дейін) төмендеді;

- көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 5,0%-ға (3,8 млн.теңгеден 3,6 млн. теңгеге дейін) төмендеді.

2021 жылғы қаңтар айында жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер жоспары 59,8 млрд.теңгеге артық орындалып, 137,0%-ды құрайды.

Жергілікті бюджетке салықтық түсімдер 221,5 млрд. теңгені құрады, 2020 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 7,6%-ға (немесе 15,6 млрд.теңгеге) өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: