Қаңтарда мемлекеттік бюджетке 490,4 млрд теңге салық түсті

Қаңтарда жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер жоспары 59,8 млрд теңгеге артық орындалды.

2021 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер жоспары 104,9%-ға, оның ішінде республикалық бюджет 88,0%-ға және жергілікті бюджет 137,0%-ға орындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер 490,4 млрд теңгені құрады, 2020 жылға қарағанда 5,8%-ға (немесе 30,5 млрд теңгеге) төмен. Оның ішінде республикалық бюджет 14,6%-ға (немесе 46,1 млрд теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет 7,6%-ға (немесе 15,6 млрд теңгеге) өсті.

Республикалық салықтар бөлігінде республикалық бюджет жоспары орындалмауының ең көп сомасы ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы бойынша – 22,5 млрд теңге, корпоративті табыс салығы - 14,2 млрд теңге (90,5%) және үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы - 6,6 млрд теңге (86,8%).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеудің ең жоғарғы сомасы мұнайға салынатын кедендік әкету бажына (7,5%-ға) тиесілі.

Кірістердің төмендеуіне мынадай факторлар әсер етті.

2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұнай бағасының 13,6%-ға төмендеуі байқалады.

Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылдың қаңтарында 22,2%-ға төмендеді (экспорт 31,0% - ға төмендеді, импорт 1,2% - ға өсті).

2021 жылғы қаңтарда сату бойынша айналым 2020 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға (6 415 млрд теңгеден 5 529 млрд теңгеден дейін) төмендеді.

Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 5,0%-ға (3,8 млн теңгеден 3,6 млн теңгеге дейін) төмендеді.

2021 жылғы қаңтар айында жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер жоспары 59,8 млрд теңгеге артық орындалып, 137,0%-ды құрайды.

Жергілікті бюджетке салықтық түсімдер 221,5 млрд теңгені құрады, 2020 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 7,6%-ға (немесе 15,6 млрд теңгеге) өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: