11,4 мың кәсіп иесі шетел асты. Қазақстан кадрлардан айырылып жатыр

Мамандардың көпшілігі Қарағанды ​​облысынан кетті: 1,7 мыңнан астам адам.

Өткен үш тоқсанда жасы 15-тен жоғары 11,4 мың маман Қазақстанды тастап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ranking.kz зерттеуіне сәйкес, пандемияға байланысты шекаралардың жабылуын ескерсек, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8% -ға аз көрсеткіш.

Сонымен бірге, Қазақстаннан кеткендердің ішіндегі мамандығы барлардың үлесі 54,3% -ды құрады, ал бір жыл бұрын ол 50,6% еді.

Мамандардың көпшілігі Қарағанды ​​облысынан кетті: 1,7 мыңнан астам адам. Анти-көшбасындағылар: Шығыс Қазақстан облысы (кеткені - 1,6 мың маман), Қостанай облысы (1,4 мың адам) және Павлодар облысы (1,4 мың адам).

Туған жерін тастап кеткендердің ең аз үлесі Қызылорда (23 адам) және Түркістан облыстарына (29 адам) тиесілі.

Сарапшылардың пікірінше, шетелге кеткендердің жартысынан көбі техникалық (3,3 мың адам), экономикалық (1,7 мың адам) немесе педагогикалық (1000 адам) мамандықтардың иесі.

Сондай-ақ, 561 дәрігер, 387 заңгер, 280 сәулетші мен құрылысшы, ауыл шаруашылығы саласындағы 155 маман елден кетті. Қалған мамандықтар кетендердің 4 мыңын құрайды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 3,5 мыңға жетер-жетпес маман сырттан келген. Яғни, елімізге келуші кәсіп иелері кеткендердің үштен бір бөлігін де жаба алмайды.

Мысалы, елімізге келген экономистер саны елден кеткендердің тек 18,1% құрайды: 311 /1 714. Техникалық мамандықтар бойынша мамандардың келуі мен кетуінің коэффициенті 19,3% (643/3 331), заңгерлер арасында - 21,2% (82/387), дәрігерлер арасында - 3/1 бөлікті құрайды (187/561).

Кадрлық шығынды ауылшаруашылығы саласына сырттан келген мамандар сәл жақсартқан: 43,9% (155/68).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: