Тоқаев Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан екі елдің қарым-қатынастары жоғары деңгейде екенін, қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында министр Президентке Өзбекстан көшбасшысының Ташкент қаласында "Орталық Азия және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция өткізу туралы бастамасына қолдау білдіру туралы өтінішін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы берік достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы және оны әрі қарай нығайтудың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан екі елдің қарым-қатынастары жоғары деңгейде екенін, қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп отырғанын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевқа зор денсаулық және бақ-береке тілеген сәлемін жолдап, Өзбекстан Президенті эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз