ШҚО тұрғынының көлігінен елік еті табылды

ШҚО ПД баспасөз қызметі
Заңсыз аңшылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында "Өскемен – Рахман қайнары " тас жолында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының 4 взводы полиция қызметкерлері Серебрянск қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы "УАЗ" автокөлігін тоқтатқанда, оның жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз бір қап ет және екі жұп тау шаңғысы табылған, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жүргізуші үйге бара жатқанын және бұл еттің еліктің еті екенін, сондай-ақ жануардың етін өзі бөлшектегенін айтқан. Жүргізушінің күртешесінің сол жақ қалтасынан суық қару (пышақ) тәрізді зат табылған. Сонымен қатар көлікте 1976 және 2000 жылы туған тағы екі ер адам болған. Жолаушылардың Серебрянск және Алтай қалаларында тұратыны анықталды, - деді ШҚО ПБ бастығы Сағат Мадиев.

Жүргізуші мен жолаушылар одан әрі тексеру үшін Бұқтырма қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, ҚР ҚК-нің 337-бабы 3-бөлігі бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз