Мәжілістегілер Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл білдірді

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Палата спикері зардап шеккен отбасыға сабыр мен бекемділік тіледі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттары атынан Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында өрт салдарынан бес баласынан айырылған Әбдімәліковтар отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тілсіз жаудың салдарынан қаза тапқан бүлдіршіндер туралы суыт хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына, туған-туыстарына орны толмас оқиғаға байланысты барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын", - деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, Палата спикері зардап шеккен отбасыға сабыр мен бекемділік тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді