Барлық теміржол станцияларында контейнер тиеуге рұқсат етілді

contlease.ru
Рұқсат елдің көліктік және транзиттік әлеуетін ашу, әкімшілік кедергілерді жою үшін берілді.

​Қазақстанның барлық станцияларында контейнерлерге тиеу рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтарлықтай перспективалы контейнерлік тасымалдарды дамыту мақсатында "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" ЖШС 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүк тасымалдарын жүзеге асыратын барлық станциялардың кірме жолдарында контейнерлерді тиеуге және түсіруге рұқсат берді, делінген хабарламада.

Рұқсат елдің көліктік және транзиттік әлеуетін ашу, сервис деңгейін арттыру және әкімшілік кедергілерді жою үшін клиентке бағдарлану шеңберінде берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз