Боранда жаяу жүгіріп жүріп, жүргізушілерге жол көрсеткен жігіт марапатталды

Баспасөз қызметі
Амантай Байжановқа марапат сыйлық - Ішкі істер министрлігінің логотипі бар қолсағат табысталды.

Қостанай облысында көктүтек боранда жаяу жүгіріп жүріп, көлік жүргізушілеріне жол көрсеткен, сөйтіп желідегілердің ықыласына бөленген тәртіп сақшысы марапатталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, бүгін Амантай Байжановқа марапат сыйлық - Ішкі істер министрлігінің логотипі бар қолсағат табысталды.

Полиция қызметкерінің бұл әрекеті жұрттың бәрін тәнті етті. Адамдар оған алғысын, өз ризашылығын әлеуметтік желі арқылы жаудырды, - деді Қостанай облысы ПД басшысының орынбасары Ынтықбаев.

Лейтенанттың батыл әрекетпен көзбе түсуі бұл бірінші рет емес екен. Ол қасындағы серігімен адамдарды өрттен қалай құтқарғанын, сондай-ақ биылғы қысқы марафон туралы айтты. Өткен жылдың сәуір айында олар өртеніп жатқан үйден 15 адамды алып шыққан.

Амантай ішкі істер органдарында 6 жылдан бері қызмет етеді. Ол өзінің қызметін мамандандырылған күзет қызметі басқармасынан бастады. 2020 жылдан бастап Қостанай қаласы полиция департаментінде патрульдік полиция қызметкері болып жұмыс істейді. Оның әйелі және бір ұлы бар.

Өрттен құтқарғаны үшін алдында оған "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" ведомстволық медалі тапсырылған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз