Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті

Баспасөз қызметі
Кездесу соңында Аида Балаева мен Сума Чакрабарти бірлескен жұмыстың барлық сұрақтары бойынша тұрақты диалог жүргізіп отыруға келісті.

24 ақпанда ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында тараптар министрлік жетекшілік ететін салалардағы сұрақтарды сөз етті.

Министр ақпараттық саясат, ақпаратқа қол жетімділік және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік шаралар туралы айтты. Мәселен, Аида Балаева қоғаммен кері байланысты одан ары жақсарту мақсатында Министрліктің стратегиялық сессиялары қазір еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқанын атап өтті.

Сума Чакрабарти ел ішіндегі ақпараттық саясатты жүргізудегі ерекшеліктер мен Қазақстанды шетелде брендтеу сұрақтарына қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында Аида Балаева мен Сума Чакрабарти бірлескен жұмыстың барлық сұрақтары бойынша тұрақты диалог жүргізіп отыруға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды