ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Баспасөз қызметі
Бұл лауазымды қызметке Ернат Мұхамадиев келді.

Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады.

2014-2016 жылдары — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2016-2017 жылдары — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

2017-2019 жылдары — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті.

2019 жылы мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды