Алматының таулы жерлеріне қалыңдығы 35 см қар жауды

informburo.kz
Алматыда 2021 жылдың 24-25 ақпандағы қар тазалау бойынша ақпарат.

24 ақпанда Алматы қаласында сағат 16.00-де жаңбыр мен қар жауа бастады, ол 25 ақпанда сағат 01.00-де ауа температурасының минус 10 градусқа дейін төмендеуіне байланысты қарға айналды, деп хабарлайды zakon.kz әкімдіктің ақпаратына сілтеме жасап.

Сағат 06.00-ге дейін қалада 15-20 см, таулы және тау бөктерінде 25-35 см қар жауды.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды.

Қар тазалау жұмысына 560 техника бірлігі, оның ішінде 211 құмлақтырғыш пен 1490 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы 3 540 тонна материал пайдаланылды.

03.00-ден бастап қар күреу үшін колонналар жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен ұйымдастырылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалау жұмыстары басталды, таңертеңгі қарбалас уақыттан соң қарды сыртқа шығару жоспарланған.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі