Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігі
Бейқұт Тілебалдыұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары.

Жамбыл облысының әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бейқұт Тілебалдыұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Дене шынықтыру мәдениеті және еңбек", Қырғыз-Ресей білім беру академиясын "Құқықтану", Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін "Қаржы" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Қордай ауданы Шарбақты ауылы №36 Н.Сауранбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1995-2003 жылдары аталған мектептің директоры, 2003-2008 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары, 2008-2010 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012 жылғы қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады