"Адалдық алаңы" кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде сақталады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Зинешұлы Байғұлов мезгілсіз өмірден өтті, деп хабарлайды zakon.kz Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Т. Байғұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталықтың төрағасы және "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту бойынша іргелі жұмыстар атқарды.

Азаматтық ұстанымы жоғары қоғам белсендісі ретінде қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысып, елдің игілігіне қызмет етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі жобаларды іске қосып, "Адалдық алаңының" жалпыұлттық қозғалысқа айналуына үлес қосты.

Ол пандемия кезіндегі қауіп-қатерге қарамастан, тосқауыл бекеттерге, ауруханалар мен дәрі-дәрмек қоймаларына мониторинг жасап, қиын кезеңде халықпен бірге болды.

Оның жедел желі ретінде пайдаланған жеке нөміріне 4 500-ден аса азамат хабарласып, заң бұзушылықтар туралы хабарлаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз