Бақытжан Нарымбетов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

zhaikpress.kz
Ол 2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы 1986 жылы туған. Білімі – жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары:

- БҚО Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы;

- БҚО Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы;

- БҚО Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;

БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;

- БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы;

- БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;

- ҚР Қоғамдық даму министрлігі, азаматтық қоғам істері Комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы