Нұр-Сұлтан әуежайында 16 рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді

nn-airport.kz
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтаннан шығатын 6 рейс және Нұр-Сұлтанға келетін 10 рейс.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында 16 рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтаннан шығатын 6 рейс және Нұр-Сұлтанға келетін 10 рейс. Қосымша ақпарат алу үшін әуежайдың ақпарат бөліміне немесе әуе компанияның байланыс орталығына хабарласыңыздар, делінген әуежайдың сайтында.

Синоптиктер 10 наурызда Нұр-Сұлтанда қар аралас жаңбыр жауады деп болжады.

Қалада жауын-шашын жауып, көктайғақ болып жатыр. Екінші ауысымдағы бастауыш мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек