Тоқаев ҰҚШҰ-ның дамуына байланысты бірқатар ұсыныстарды алға тартты

Ақорда
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысын ұйымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы хабардар етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысын ұйымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы хабардар етті. Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша ауқымды мәселелер қаралды.

Станислав Зась ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі институтын құру туралы Қазақстан Президентінің бастамасын іске асыру бойынша ұйым хатшылығы жүргізіп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның алдағы дамуына байланысты бірқатар ұсыныстар айтып, Қазақстан тарапының ҰҚШҰ шеңберінде саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты