Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

Ақорда
Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңес жұмысының басты бағыттары және оның алдағы даму перспективалары туралы баяндалды.

Атап айтқанда, Бағдат Әміреев Мемлекет басшысына ұйымның алдағы уақытта өткізетін жоғары деңгейдегі іс-шараларына дайындық барысы, Түркі кеңесінің мәртебесін толыққанды халықаралық ұйым деңгейіне дейін көтеру жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ, Кеңес қызметінің экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды бағыттары жайында айтты.

Президент Кеңестің түркітілдес мемлекеттер арасындағы интеграцияны нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның экономикалық бағыттағы жұмысын күшейте түсуге мән берді. Осы ретте Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызды екенін атап өтті. Бұл Кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы