ШҚО-дан өтетін М-38 тас жолы жол биыл ақылы болады

zakon.kz
Қытай шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді.

ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері ШҚО-дағы қоғамдық тыңдау барысында

Ұзындығы 464 км болатын М-38 тас жолының Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі биыл ақылы болады. Павлодар облысында 3, Шығыс Қазақстан облысында 8 бақылау аркасы орнатылып, тесттік режимде іске қосылды.

ШҚО-дағы ақылы учаске Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққулы, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтетін жолда болады.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" Павлодар – Омбы (РФ шекарасына дейін) жолы да ақылы болатынын хабарлаған еді. Ақы алудың ашық жүйесі М-38 автожолының барлық учаскесіне енгізілетін болады. Қытай халық республикасы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді.

Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі ІІ техникалық санаттағы жолға жатады. Яғни, жүк көліктері үшін ғана ақылы болады.

Жалпы, ШҚО халқы аймақ жолдарына ақылы жүйені енгізуді қолдады. Бірақ, тұрғындар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, фермерлер мен коммуналдық қызмет техникаларына жеңілдік қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, ШҚО тұрғындары Павлодар – Семей – Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, бөлу жолақтары мен мал өте алмайтын қоршау орнатуды талап етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты