Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды

pexels.com
Ақша 46 жастағы азаматтың картасына жіберіліп отырған. Тез байығысы келетін адамдар әлеуметтік желілерден табыла кеткен.

Алматылық ерлі-зайыпты адамдар қаржылық пирамида ұйымдастырған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ПД-ның мәліметінше, олар ақша тарту үшін WhatsAp желісінде 218 адамнан тұратын топ құрды.

Ақша 46 жастағы азаматтың картасына жіберіліп отырған. Тез байығысы келетін адамдар әлеуметтік желілерден табыла кеткен.

Түсетін пайда өте қомақты болуы керек еді. Капиталды ұлғайту схемасы алдын ала жасалып, сынақтан өтті. Бастапқы инвестиция 100 000 теңгеден кем емес, ал бірнеше күн ішінде бұл соманы салымшы 300 000 теңге көлемінде қайтарып алады делінді. Егер ақшаны алмай тұра тұрса, онда пайда көлемі одан сайын ұлғая түседі. Бірақ қаражат аударылғаннан кейін оны ұйымдастырушылар байланысты үзіп, үстемақы да, өз ақшасы да қайтарылмаған, деп хабарлады полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді