Мүгедектікке байланысты жәрдемақының орташа мөлшері - 49 211 теңге

liter.kz
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 520,8 мың адамды құрады.

2021 жылғы қаңтар-ақпан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 51 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 13,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша 6,8 млрд теңге бағытталды, делінген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 520,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 167,2 мың адамды құрады.

Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 211 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 976 теңгені құрады, - дейді құзырлы ведомствағылар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды