Қытай азаматы Атырау әуежайында темекі тұқылын жерге тастай салды

Көліктегі полиция департаменті
Көлік полицейлері оған айыппұл салды.

16 наурызда Атырау қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне қала тұрғыны шағымданып келді. Оның айтуынша, әуежай автотұрағында белгісіз ер адам ортақ пайдаланатын орында темекі шегіп, темекі тұқылын жерге тастаған, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік полицейлері түскен ақпарат бойынша жүргізген жедел тексеру және іздеу жұмыстары барысында құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол "Атырау-Алматы" бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған Қытай Халық Республикасының 56 жастағы азаматы болып шықты.

ҚХР азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен, яғни ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Көлік полицейлері Департаменттің жедел қызмет көрсету аумағында қоғамдық орындарда құқықбұзушылықпен күрес жүргізуді жалғастыруда. Тәртіп сақшылары үшін қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың өмір сүру қағидаларына кері әсерін тигізетін ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтаудың маңызы зор.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты