Қазақстанда тағы да бензин қымбаттауы мүмкін

Жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы 2-10 теңгеге көтерілген.

2021 жылдың ақпанында бензин 0,5% қымбаттаған, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда 408,1 мың тонна бензин өндірілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Бұл отандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қарқынын бәсеңдеткенін көрсетеді.

Елімізде негізгі бензин өндірушілер – "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС, Павлодар, Атырау мұнай өңдеу зауыттары. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында олар 4,5 млн тонна мотор отынын өндірген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1%-ға аз.

Сонымен қатар өткен жылы (қаңтар-желтоқсан) жоғарыда аталған компаниялар бензинге сұранысты (ішкі нарық және экспорт) толық қамтамасыз еткен.

Сондай-ақ, Қазақстан экспортқа 516,3 мың тонна бензин жіберіпті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 есе көп.

Ішкі нарықта 4 млн тоннаға жуық бензин сатылған (2019 жылмен салыстырғанда минус 11,6%).

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин маркасына байланысты оның бағасы литріне 2-10 теңгеге көтерілген. Бұл 2020 жылы акцизге бағаның өсуімен байланысты. Мамандар бағаның одан әрі өсуіне алғышарттар бар екенін айтады.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың ақпанында бензин 0,5%-ға қымбаттапты. Қазақстандағы АИ-92 литрінің орташа бағасы – 151,3 теңге, АИ-95/96 – 172,3 теңге, АИ-98 – 191,4 теңге.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: