Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айтқазы Қарабалаев Тараз жұртына алғыс білдірді.

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Жылқыбаев 1982 жылы туған, білімі жоғары.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Экономист-менеджер", ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі", С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Юрист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика департаментінің бас маманы қызметінен бастады.

2006-2009 жылдары ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас сарапшысы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім басшысы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

2009-2014 жылдары – ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі қызметінде болған, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

"Құрмет" орденімен, түрлі мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталған.

Үйленген, 4 баласы бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты